#Меркі ауданы: Биылғы алғашқы ауызашар жасалды

#Меркі ауданы: Биылғы алғашқы ауызашар жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлем мұсылмандары қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін өткізіп, ауыз ашуда.  

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде жылдағы үрдіспен бір Алланың ризалығы үшін ораза ұстаған жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды.

«Кімде-кім ораза ұстаған жанды ауызашарға шақырып тамақ беріп аузын аштырса – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді» деген пайғамбар өсиетін өнеге тұтқан «Меркі ата» мешітінің ақсақалдары Рамазан айының бірінші жұлдызында Алла разылығы үшін ауызашар берді.

Айта кетсек, «Меркі ата» мешітінің жылдағы дәстүрмен жамағатқа Рамазан айы бойына ауызашар үзілмей берілетінін хабарлаймыз. Осы орайда ізгілік айында сауапты іске атсалысып отырған кәсіпкер жандарға алғыс білдіреміз.

Ауызашар береміз деген жандар аудандық мешітке келіп жазыла алады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: