“Мойынқұм” мешітінің бас имамы Р.А.Еспенбетов және жамағат бірігіп қасиетті рамазан айында Мойынқұм ауылында орналасқан дүкендерді аралап қайтты.
Басты себеп дүкен сөрелерінде тұрған арақ және өзге де спирттік сусындарды сатпауын, оларды сөрелерден алынып тасталуын насихаттау.
Дінімізде спирттік ішімдік харам, осы сусын арқылы қаншама отбасылар зардап шегіп жатқандығы белгілі. Сол себепті әрбір отпасы зиянға ұшырамастан алдын алғанымыз абзал.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі