#Жуалы: ЖАНТ мүшесі Жуалыға келді

#Жуалы: ЖАНТ мүшесі Жуалыға келді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша жергілікті ақпарат-насихат тобының мүшесі,  наиб имам  Ғалымбек Төлегенұлы аймақтағы діни ахуалды бақылау мақсатында Жуалы ауданы, Күреңбел ауылдық округіне қарасты «Күреңбел» мешітіне арнайы келіп,  жұма намазын оқып, жамағатпен кездесті.

Насихаттан бұрын осы мешіттің молдасыы Рамазан Әскертайұлы келген мейманды жамағатқа таныстырып өтті.

Қасиетті жұма күні  ауылдық мешітке намаз оқуға келген жамағатқа «Рамазан – кешірім айы» тақырыбында  кеңінен уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді. Уағыз айтқан имамға  жиналған жамағат өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Ғалымбек Жапек халықтың, дінге жанашыр азаматтардың атсалысуымен мешіттің  ішкі күрделі жөндеуден өткен, жылу жүйесіне қосылған және дәрет алатын орындарды көріп, ризашылығын білдірді.

Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: