Қордай ауылы №51 мектеп оқушыларымен Құран қарилар дайындау орталығының директоры Ғалымжан Сайлауыұлы кездесу өткізді. Тәрбие - тал бесіктен басталады демекші, дін маманы балдырғандардың діни тәрбиесіне іргетасы боларлық маңызды насихат айтты.
Ислам діні қандай, басқа ағымға қсылып адасып кетпес үшін не істеу керек сынды жастардың сұрағына жауап берді.
Ғ.Сайлауыұлы: "Ислам – ізгілік, адамгершілік діні. Ұлы тәлімгер Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.): «Шын мұсылман – тілі мен қолынан ешкімге зияны тимейтін адам» – депті. Діннің шын мәніндегі бағытын білген жамағат ешуақытта адаспайды. Ислам дінінің осы қазақ даласына келгеніне де он екі ғасырдан асты. Біздің елімізде бұл дінге деген құрмет қазіргі таңда артып отыр. Қазақ елінде ислам діні қанат жайып мешітке келушілердің саны күн санап артуда. Ислам – діні нағыз халықтық дін. Ешкімге, жауына да жамандық тілемейді. Тек жақсылық сұрайды," - деп түсіндіріп өтті өз сөзінде.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі