#Мойынқұм: Ұмраға жолдама сыйға тартылды

#Мойынқұм: Ұмраға жолдама сыйға тартылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қажылыққа бару - әрбір мұсылманның арманы. Әрі қажылыққа Алла пендесін өзі шақырады. Қасиетті сапарды армандап жүргенде тосыннан баратын болып шықсаңыз қандай күйде боласыз?

Міне, дәл осылай тосыннан Алланың қалауымен болған шақыртуға Мойынқұм тұрғыны қуаныштан жүрегі елжілеп қоя берді. Мойынқұм ауданы ”Мойынқұм” мешіті жамағаттары тарапынан Әбікеев Сәбит Арманұлына ұмра қажылық жолдамасы ұсынылды.

Қасиетті рамазан айының алғашқы күнінде берілген мұндай сыйлықты күтпеген Ә.С.Арманұлы мешіт жамағаттарына шынайы ықыласпен алғысын білдірді.
"Алла жазса,  Алдағы уақытта да осындай ізгі іс-шаралар жалғасын таба береді деп сеніммен айта аламыз" - дейді жолдаманы табыстаған Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Асылбекұлы.
 
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: