"Тазалық - иманның жартысы, ораза - сабырдың жартысы" деген қағиданы басшылыққа алған медресе ұстаздары мен шәкірттері қоғамдық іске бірге белсене араласты.
"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің ауласына тазалық жұмыстары жасалды. Рамазан айына дайындықта ішкі тазалықпен қатар үй тазалығы да назарға алынады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты сенбілік жасау оразаның алғашқы күндеріне дейін шегерілген болатын.
Ислам дінінде иманның құндылығы қаншалықты жоғары екені белгілі. Тазалықты иманның жартысына теңеу – исламның тазалыққа қаншалықты мән беретінінің айғағы емес пе!
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі