Тараз мешіттерінде биылғы алғашқы тарауық намазы оқылды

Тараз мешіттерінде биылғы алғашқы тарауық намазы оқылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ел-жұрт сағына күткен ораза айы сауаптардың сарқылмас теңізі. Аталған қасиетті Рамазан айының құрметіне Тараз шаһарының мешіттерінде күнделікті 20 рәкаттан тұратын тарауық намазы басталады. Осы айдың кіруімен облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде күндердің сұлтаны жұма күні биылғы алғашқы тарауық намазы оқылды.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев "тарауық" намазы жайлы тілге тиек етіп, Рамазан айының қасиетін сөз етті. Халықты айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиналған жамағат мешітке лық толды. 

 Тарауық намазын жас қари, бірнеше халықаралық, республикалық қарилар байқауының жүлдегері Иманәлі Бейбітұлы жүргізуде. 

Алла қасиетті Рамазан айын барша жамағатқа сауапты, әрі берекелі етсін. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: