Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы ауданға қарасты ауыл мешіттері имамдарының басын қосып жиналыс өткізді. Жиналыс аудандық «Сұлтан» мешітінде болды.
Жиналыстың мақсаты келе жатқан Қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу болды. Ауыл имамдарына осыған қатысты уағыз-насихат, діни білім және ғылым, зекет және қайырымдылық бағыттары бойынша Рамазан айында атқаратын бірқатар тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, рамазанға, оразаға байланысты баннерлер ілу, ауызашар өткізетін мешіттерді ұлттық нақышта безендіру және ауыл мешіттерінің айналасына сенбілік жасап тазарту жұмыстары да тапсырылды.
Имамдар жиналысының соңында бас имам жаңадан «Көгершін» мешітіне қызметке тағайындалған Әбдіғұл Медет имамды барша имам-молдалармен танысытырып, жұмысына сәттілік, ісіне игіліктер тіледі.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі