Тараз қаласы «Кеңесхан қажы» мешітінің ұстазы Алтынбек Хусаинов Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының арнайы шақыртуымен орталық «Меркі ата» мешітіне келді.
Алтынбек ұстаз мешітке келген жамағатпен кездесіп, «Алланы және елшісін жақсы көру» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді. Намазға жиналған жамағат ұстаздың уағызынан сусындап, дін негізі болған, діннің кәмілдігіне қажет болған, маңыздың шарттардың бірін үйреніп қайтты.
Кездесу соңында, жамағатпен намаз оқылып, елімізге, жерімізге дұға жасалып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі