#Жамбыл: Әз- Наурызда ауданда жиын өтті

#Жамбыл: Әз- Наурызда ауданда жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданында  ұлыстың ұлы күні болған Әз-Наурыз мейрамына орай, аудандық "Бәйдібек" мешітінде аудан әкімі мен аудан ақсақалдар кеңесі мешіт ауласына көшет отырғызды. Мерекелік іс-шарадан соң, ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудан ақсақалдарымен бірге, Құран бағыштап, жаңа жылға молшылық пен татулық болуына дұға жасады.

Аталған шарадан кейін, ақ дастархан басына отырған ауданның алқа мүшелері ақ бата берісіп, тарқасты.

Әз-Наурыз бұл, түркі елдеріне ортақ мейрам, ұлыстың ұлы күні тек қазақ халқында ғана емес, басқа да халықтарда аса елеулі мереке, жыл басы ретінде кеңінен тойланады. Соның ішінде біздің халықта да үлкен мереке ретінде аталып өтіледі. Бұған дәлел, көзімізбен көріп жүрген, қазіргі уақытта Әз- Наурыз аса үлкен, республика көлемінде атап өтетінімізді айтсақ болады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: