#Қордай: Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің

#Қордай: Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық Цензавод мектебінде дін турасында дұрыс түсінік қалыптастыру мақсатында "Дін - ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң - қасіретің" атты іс-шара өтті.

Мектеп оқушыларымен жасалған жиынға Қордай аудандық мешіттің наиб имамы Нұрбол Солтанбек пен Масаншы ауылдық "Имам Ағзам" мешітінің наиб имамы Гуадр Исмайл қатысты. 

Дін мамандары қазақ және орыс тілінде баяндама жасап, дін деген не, оны ұстанудың маңызы, ата дін мен жат ағымдардың ара-жігі турасында түсіндірме жұмыстарын жасады. 

Сонымен қатар оқушылардың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, діни білімді тек сенімді орындардан алуға кеңес берді. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: