#Қордай: Мектеп оқушылары имамдармен кездесті

#Қордай: Мектеп оқушылары имамдармен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Баланы шыбық кезінде түзе" дейді дана халқымыз. Өйткені, бала кезде санаға құйылған білім іргетасы ретінде қаланып, өмірлік азық болмақ. Сондықтан да аудандық Ішкі саясат пен Дін істері басқармасымен беріге аудан мешіттері мектеп оқушыларымен діни жүздесулер өткізіп келеді. 

Осындай кезекті жиын Қордай ауылдық №47 мектебінде жасалды. "Ислам - бірлік, ынтымақ діні" атты кездесуге аудандық Қордай мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек пен мешіт азаншысы Бекзат Жұмабайұлы қатысты.

Жат ағымдардың адын алу, дәстүрлі дініміз бен теріс ағымдардың ара-жігін ажыратып түсіндіру мақсатында өткен жиында қоғамдағы түйіткілді сұрақтарға мардымды жауаптар берілді. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: