#Қордай: Өрт сөндіру қызметкерлері дін маманымен жүздесті

#Қордай: Өрт сөндіру қызметкерлері дін маманымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асыл дініміз Ислам – барша адамзат баласын бейбiтшiлiкке, амандыққа, ешкiмге соқтықпай тыныш өмiр сүруге шақыратын иләһи дiн. Міне, осындай хақ дiнiмiз жер бетiнде нағыз адамгершiлiктiң, сыйластықтың рухын жайып, алауыздыққа, қастық пен дұшпандыққа тыйым салғаны да мәлiм. Алайда түрлі теріс бағыттағы ағымдар ел ішіне іріткі салып, адасуға алып баруда. 

Осыған орай, Қордай аудандық мешітінің азаншысы Бекзат Жұмабайұлы Өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Дін маманы: "Жат ниетті ағым, қарапайым халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында қаншама айлы-шарғыларын жасап әлек. Хақиқи Исламның атын жамылған ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда" - деп жат ағым ұстанушыларының салт-дәстүргеғ әдет-ғұрыпқа қарсы келетіндігі турасына тоқталды. Олардың сенімі қандай, ата дініміздегі сенім мәселесі қандай, теріс бағытты ұстанушылардың адасқан тұстары жайлы түсіндіріп өтті.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: