#Талас: “Дархан дала“ ішкі туризм саяхаты жасалды

#Талас: “Дархан дала“ ішкі туризм саяхаты жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Талас ауданының бас имамы Жалғасбай Дүйсенбайұлынын ұйымдастыруымен “Darhan dala“ ішкі рухани туризм саяхаты Түркістанға “Арыстан баб“, “Қожа Ахмет Яссауи” т.б кесенелеріне мешіт жамағаттары мен имамдары зиярат жасап, сондағы елге мәлім 21 хан мен билерге, асыл азаматтардың рухтарына Құран оқып дұға етіп қайтты.

Атап өтетін болсақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Darhan Dala» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның мақсаты - халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету.

"Алдағы уақытта басқа да тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру ниетіміз бар" - деп атап өтті бас имам.

Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: