#Меркі ауданы: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

#Меркі ауданы: Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әз-Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі». Наурыз мейрамы – барша ағайынның бір қазаннан дәм татып, бір-біріне «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп ақжарма тілек айтар мерекесі.

Наурыз мерекесі – ұлттың ұлы құндылықтары мен салт-дәстүрлерін ғасырлар қойнауынан сақтап келе жатқан қазыналы мейрам. Бүгін Меркіде Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.

А.Асқаров атындағы орталық стадионда өткізілген іс-шарада ұлттық нақышта киіз үйлер тігіліп, наурыз дастарханы жайылып, қолөнер көрмелері, ұлттық спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері өздерінің ұлттық тағамдарымен дастархан жайып, салт дәстүрлеріне сай қонақтарға құрмет көрсетті. Жиналаған қалың жұртшылық Наурыз мерекесін зор ықыласпен тамашалап, қызыққа бөленді.

Аудан имамы Азамат Берікұлы Наурыз мерекесіне жиналған қонақтар мен аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Ұлыстың Ұлы күні ақ тілектерін арнады.

Әз-Наурыз мерекесі аудан орталығымен қатар, елді мекендерде де жоғары деңгейде аталып өтті. Салт дәстімізге сай, тұсау кесу рәсімі көрсетіліп, ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды.

Сонымен қатар, спорттық ойындар ұйымдастырылып, құнан бәйге, тай бәйге, аударыспақ, қыз қуу, күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды ұлттық ойындар мен қол күрес футбол, волейбол спорттық жарыстары өткізілді.

Ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар да өз деңгейінде ұйымдастырылып, салт-дәстүрлеріміз шынайы дәріптелді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі⠀

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: