#Меркі ауданы: Отбасы – қастерлі ұғым

#Меркі ауданы: Отбасы – қастерлі ұғым

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үлгілі отбасын құрып, адал ұрпақ өсіру – кімнің де болса, ең бірінші алға қойған үлкен мақсаты әрі асыл арманы.

Меркі ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылының имамы Мадияр Қанатбекұлы намазға жиналған жамағатқа «Отбасы құндылықтары» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Мадияр Қанатбекұлы: «Отбасы құндылықтары – некеге тұрған ерлі-зайыпты адамдардың отбасын сақтау үшін қолданатын салт-дәстүрі болып табылады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтарға сәйкес отбасы мүшелері бір-біріне сыйластықпен қарап, қамқорлық көрсетеді. Отбасында ер адамның ролі аса маңызды. Жанұяның басшысы ер адам. Ертең Алла Тағаланың алдында сол отбасы үшін ер адам сұралады. Сондықтан біз, отбасындағы тәрбиеге мән беруіміз керек.

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ей мүміндер! Өздеріңді және үй-іштеріңді (жанұяларыңды) тозақ отынан қорғаңдар!» деп бұйырған.

Бұл аяттың мағынасына қатысты имам Табари өз тәпсір кітәбінің 28-том, 165-бетінде былай деген: «Бір-бірлеріңе және жанұяларыңа Алла парыз қылған құлшылықтарды үйретіп өздеріңді және жанұяларыңды тозақ отынан сақтаңдар»-десе, имам Қуртубидің тәфсирінде 18-том, 196-бетінде  имам Муқатил ибн Хайам: «Бала шағамызға дінді, хайыр жақсылықтарды және дін этикасын үйрету бізге міндет» - деп түсіндіреді.

Пайғамбарымыз (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын): «Әкенің баласына жақсы тәрбиеден артық берер сыйлығы болмас». 

Хадиске қарап отырып-ақ, бала тәрбиесі ата-ананың негізгі міндеттерінің бірі екендігін айқын түсінуімізге болады. Жаратушы Хақ тағала Қазақ Елінің әр ұланын өр рухты, намысты да жігерлі, иманды да ибалы, сапалы білімді, дені сау, ұлттық санасы биік болуын нәсіп еткей! Әмин!», - деп, сөзін аяқтады.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: