Жамбыл облысы имамдарының кезекті мәжілісі жасалды

Жамбыл облысы имамдарының кезекті мәжілісі жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін олыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қала-аудан имамдарының жиналыс өтті. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтың басшылығымен өткен шара қасиетті Құран аяттарымен басталды. 

Облыс бас имамы өткен жылдың есебін дін мамандарына бір көрсетіп өтіп, жыл қорытындысы бойынша сараптама жасап, дамытатын бағыттарға тоқталып өтті. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағыттар бойынша жауапты мамандар сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын жеткізді. 

Күллі мұсылманның қасиетті мерекесі Рамазан айының басталуына бірнеше күндер ғана қалды. Осыған байланысты муфтият тарапынан келген тапсырмалар легі таныстырылды. 

Ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту, оңалту сынды бағыттар бойынша тапсырмалар жүктелді. Жиынға "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің директоры Сәкен Сейдикаримов қатысып, шәкірт тарту, білім беру жайлы тілге тиек етті. Сондай-ақ, жақында Елордада "Халал Даму" ұйымында курс оқып қайтқан Тараздық технолог маман сөз сөйлеп, жұмыс барысын таныстырып өтті. 

Мәжіліс соңында еліміз бен дініміздің амандығы үшін дұға жасалып, бата берілді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: