Жат ағымдардың алдын алу мақсатында Мұрағат қызметкерлеріне арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиынды Қордай аудандық мешітінің наиб имамы Нұрбол Солтанбек пен азаншы Бекзат Жұмабайұлы жүргізді. Мамандар теріс ағымның қоғамға зияны, теріс бағытты ұстанушының белгілері, дәстүрлі дініміз бен жат ағымдардың айырмашылығы, олар қай жерде адасты сынды мәселелердің мазмұны тарқатылып айтылды.
Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарына дәлелді жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі