"Саусақ бірікпей — Ине ілікпейді" - дейді халқымыз. Жамағат ауызбіршілікте болса - қамалдай, ал оған қоса білімі болса - сауабы мол амалдай. Қордай аудандық мешітінің имамдарының ұйытқы болуымен жамағаттың білім алуға деген құлшынысын арттыру мақсатында тестілеу жүргізілді.
Қордай орталық мешітінде жасалған сынақ дәрет және намаз бойынша өтті. Оны фиқһ сабағын жүргізетін ұстаз Нұрбол Солтанбек қабылдады.
Тест нәтижесіне сай үздік болған, жоғары балл жинаған жамағат мүшелеріне сыйлықтар табысталды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі