Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы Талдыбұлақ ауылының жастарымен жүздесіп қайтты. Кездесу барысында «Жастар - ел болашағы» тақырыбында уағыз айтты.
«Ислам діні ғылым, білімге шақырады. Білім мен ғылым қазіргі таңда қоғамды дамытатын негіз болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз өз заманына сай, еліне, туған жеріне пайдасын тигізе алатындай қабілетті болуы керек. Ол үшін ең алдымен Ислами тәрбие алуы керек, сосын заманына сай дүниесіне қажетті білімді игеруі қажет. Ақыреті мен дүниесін бірге алып жүрген адам ең бақытты адам», - деп атап өтті.
Уағыз соңында елімізге, жерімізге, жастарымызға дұға жасап тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі