#Жамбыл: Тақуалық туралы түсінік

#Жамбыл: Тақуалық туралы түсінік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Ансар Абилов бесін намазына келген жамағатқа «тақуалық» турасында кеңінен түсінік берді. Тақуалық сөзі «аз сөйлеу», «сақтау», «қорғау», «әдепсіз әдеттерден, зиянды нәрселерден аулақ болу» деген мағыналарды білдіреді. Ал шариғи мағынасын айтар болсақ, тақуалықтың түпкі мәні мен мағынасы: күнәлі істерден сақтану, ұятты амалдан алыс болу, Алла Тағалаға бойсұнып, өзіне және өзгеге жақсылық жасау.   

"Тақуалық деген арнайы іздеп, уақыт-сәтін күтіп жасайтын амал емес. Алладан қорқу, күнәдан сақтану күнделікті тіршілігімізде, жұмысымыз бен отбасымызда көрініс табуы тиіс. Өйткені, шариғат сөзін тыңдаған адамның үйінде бақыт ұялайды" - деді ол. Ауыл имамы насихат соңында  мешіт жамағатының сұрақтарына жауап берді.  

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: