#Жамбыл: Сенбілік – тазалық таразысы

#Жамбыл: Сенбілік – тазалық таразысы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаракемер ауылында «Қаракемер» мешітінің имамы Кәкішев Төлеуғазының ұйымдастыруымен сенбілік тазалық жұмыстары жүргізілген болатын. Аталған шараға ауылдың мешіт жамағаты үлкен кіші демей, бір ауыздан жұмыла күш салып, сенбілік атқарды.

«Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мешіт жамағаты Алланың үйі мешіттің жан-жағына тазарту жұмыстарын жүргізді.  Бұл шара тек мешіт жамағатын ғана емес, ауыл тұрғындарын да бей-жай қалдырмады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: