#Меркі ауданы: Аудан бас имамы уағыз айтты

#Меркі ауданы: Аудан бас имамы уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы, осыған дейін өзі тоғыз жыл қызмет атқарған «Қарабала Төре» мешітінде болып, жамағатпен жүздесіп қайтты. Кездесу барысында «Исдамдағы бауырластық» тақырыбында уағыз айтты.

Уағыз барысында Азамат Берікұлы: «Алла Тағала: «Шын мәнінде мүміндер бауыр», - деген.

Пайғамбарымыз с.а.с: «Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес. Егер оның бір ағзасы ауырса, қалғаны ұйқысыз және ыстығы көтерілуінде онымен бірге болады», - деген.

Сондықтан, Мұсылман мұсылманның бауыры, ол оған еш уақытта тілімен де, қолымен де жаманшылық жасамайды, келеке етпейді, малына, арына сұқтанбайды», - деп сөзін аяқтады.

Уауғыз соңында жамағат өз ықыластарын білідіріп, имамды қимастықпен шығарып салды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: