#Меркі ауданы: Дін мен дәстүр

#Меркі ауданы: Дін мен дәстүр

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас» мешітінде ауыл имамы Көктал Мадияр Қанатбекұлы намазға келген жамағатқа «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.

Мадияр Қанатбекұлы өз сөзінде: «Қазақ халқында қалыптасқан ұлттық дәстүрлердің, ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі Ислам дінімен бірге өрілген. Кейбірі хақ діннің негізінде пайда болған. Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді. Мысалы, қазақ жерінде кезінде ғұмыр кешкен тайпалардың салт-дәстүрлері бөлек болғаны анық. Ал сол халықтардың жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы мен танымы, салт-санасы Ислам дінімен бірге қабыса дамыды.

Кезіндегі ата-бабаларымыздың жаназа рәсімдерінде қолданған дәстүрлері, атап айтсақ: жыртыс, шапан тарату т.б. сол заманның жақсы деп тагылған амалдары еді. Ол заманда жыртысты көрпе қылып, шапанды киім қылып киетін еді. Яғни, пайдаға асырушы еді.

Ал, қазірше? Шапан жәй ғана киілмейтін, сандықтың бір шетінде, орын алып тұратын зат болып қалды. Ал жыртыс болса жәй мата болып қалды. Заман талабы өзгерді. Мәйітке сауабы тисін десек бұларды доғарып, қайыр-садақаға жұмсауымыз керек. Қазіргі мұң-мұқтаждардың қажетін өтесек, сауап тиетіні сөзсіз», - деп, халықты ысырапшылдықты тоқтатуға шақырды.

Уағыз соңында жамағаттан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: