Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы «Айша-бибі» мешітінде бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Қатарбай Таджибаев «Ата-ананың қадірі» турасында кеңінен уағыз айтты.
Кез келген адам үшін дүниеде ең қымбат жандар – туған ата-анасы. Бұл қымбатты жандарды Алла Тағаланың Өзі аяттарда дәріптеген. Демек оларға құрметпен, жауапкершілікпен қарау міндеті балаға жүктелген. Сондықтан да Ұлы Жаратушы ата-анаға лайықты дәрежеде құрмет пен жақсылық жасауды Өзінен кейiнгі кезекке қойған. Тіпті, хадистерде «Алланың разылығы ата-ананың разылығында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында» - делінген. Сондықтан, ата-ананың қадірін біліп, көзі тірісінде құрметтеп, барынша жылы қабақ танытайық.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі