#Жамбыл: Имам кәсіпте адал болуға шақырды

#Жамбыл: Имам кәсіпте адал болуға шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық Жастар ресурстық орталығында Рахат ауылының имамы Жандос Дәулетұлы орталық жұмыскерлерімен кездесті. Жиында ауыл имамы «Кәсіптегі адалдық» турасында кеңінен насихат айтып, қызметкерлерді кәсіпте адал болуға шақырып, сұрақтарына жауап берді.

Хазіреті Омар (Алла ол кісіге разы болсын): «Сіздердің біреулеріңіз көктен алтын және күміс жаумағанын көре тұра: «Уа, Алла, мені ризықтандыр», – деп ризығын іздеместен құр отырмасын», – деп еңбек етудің маңыздылығын, құр қол қусырып отырмау қажеттілігін айтып кеткен. Сондықтан, әр мұсылман баласының басты міндеті адал кәсіп етіп, отбасын да еңбекке баулып, адал өмір сүруге тәрбиелеу. Алла Тағала баршамызды адал кәсіп тауып, адал ризыққа бөленуді нәсіп еткей! Әмин!

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: