#Жамбыл: Аудан имамы «Ихсан ілімін» насихаттады

#Жамбыл: Аудан имамы «Ихсан ілімін» насихаттады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық Мәдениет үйінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы аудан жастарына арнап «рухани тәрбие – ихсан ілімі» тақырыбында келелі кездесу өтті. Аталған шараға мәдениет үйінің қызметкерлері де қатысқан болатын.

Ихсан – пенденің имамын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Аудан имамы жастарға ихсан ілімі әуелі пенденің Аллаға деген бойсұнуынан басталатындығын түсіндіріп, адам баласының Аллаға деген ихсаны: алдымен иман келтіру, бұйырған амалдарын орындау, барлық тыйым салынған нәрселерден аулақ болу, ізгі амалдарды арттыру екендігін айтты.

Насихат соңында аудан имамы шараға қатысқан жастардың сауалдарына жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: