#Жамбыл: Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп

#Жамбыл: Діни экстремизм - әлемге төнген қауіп

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлымен  аудандық Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен  «Діни экстремизм  - әлемге төнген қауіп» деген тақырыпта кездесу өткізілді.

Аталған кездесуде дін бұзар жат ағымдардың қоғамға төңдірер қауіп – қатерін айтылып, кездеуге келген тұрғындардың сауалдарына жауап берілді. Ислам – терроризмге, зорлық-зомбылыққа, діни экстремизмге қарсы. Бүгінгі таңда әлемнің түпкір-түпкірінде Ислам атымен сандаған жазықсыз адамдардың қаны төгіліп жатқаны өкінішті. «Бір адамға қиянат жасау – күллі адамзатқа бағытталған қиянат». Осы қанатты сөзді ескерсек, Ислам діні қашан да қақтығыс, лаңкестік, зорлық-зомбылық, өктемдік секілді мұсылмандыққа жат іс-әрекеттер мен арам пиғылды айыптаған. Біздің асыл дініміз, керісінше, қоғамдық тұрақтылықты, ізгілікті, ұстамдылықты уағыздайды.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: