#Жамбыл: Отыз отбасына көмек

#Жамбыл: Отыз отбасына көмек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылы әкімшілігі мен ауылдық мешіт ұйымдастыруымен әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен 30 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аталған игі іс-шараға 450 мың теңге қаражат жұмсалды. Көктемнің алғашқы күні азық-түлік ретінде беріліп  жатқан қайырымдылық көмекті алған отбасылар ауыл әкімшілігі мен ауыл мешітіне өз алғыстарын жаудырды.

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық— адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Зекет — Исламның бес парызының бірі. Оған Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрседен тұрады. (Олар:) Иман етіп, кәлима айту, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан оразасын ұстау», – деп айтқан сөзі дәлел.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: