Жуырда Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов Шу қаласындағы теміржол саласының бір бөлімшесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жүздесу барысында жат ағымдардың алдын алу, экстремизм мен терроризмнің қаупі мен қатері, одан сақтану жолдары түсіндірілді. Өйткені бұл тақырып бүгінгі таңда күйіп тұрған мәселе. Сондықтан оны түсіндіріп, түйінін тарқату арқылы имани имунитетті қалыптастыруға болады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі