Бүгінгі студент ертеңгі маман. Ол өзіне берілген оқу жылында барлық нәрселерді үйреніп, реті келсе игергені жөн. Соның ішінде жат ағымдардың жетегені еріп кетпес үшін дін саласында қажетті сауат болғаны дұрыс.
Таяуда Шу ауданы «Әбу Бәкір ас-Сыдық» мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов Шу қаласындағы теміржол колледжінің студенттерімен кездесіп, эстремизм мен терроризмнің зарарын түсіндірді. Имам білімгерлерге тақырыпты жан-жақты тарқатып, дәлелді дәйектер келтірді. Сондай-ақ сұрақтарға жауап беріп, жастарға батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі