Хазіреті Омардың (р.а.) заманында Мысырдың халқы әмірлері болған хазіреті Амр бин Асқа (р.а.) келіп: «Ніл өзенінің бір әдеті бар. Бұл әдеті орындалмаса, суы тартылып қалады. Осы айдан 12 күн өткеннен кейін, бір қыз табамыз. Жанұясына ақша беріп, разылығын алып, ол қызды әдемілеп, сәндеп Ніл өзеніне лақтыртамыз» – дейді.
Амр ибн Ас (р.а.): «Ислам бұрынғы бұрыс әдеттерді жойған» – деп қабыл етпейді. Осыдан 3 ай өтіп, Ніл өзенінің суы халықтың айтқанындай тартылып қалады. Ніл өзенінің айналасындағы Мысыр халқы көше бастайды. Бұл жағдайды көрген Амр ибн Ас (р.а.) хат жазып, жағдайды хазіреті Омарға (р.а) баяндайды. Хазіреті Омар (р.а.) хатты оқып былай деп жауап береді:
«Олардың әдеттерін орындамағаның дұрыс болған. Хаттың ішіндегі қағазды Ніл өзеніне таста».
Хаттың ішіндегі қағазда былай деп жазылған еді:
«Алланың құлы Омар ибн Хаттабтан Ніл өзеніне! Егер бұдан бұрын өзім ағып тұрған едім деп ойласаң ақпа! Егер де сені жалғыз және қаһһар болған Алла Тағала ағызған болса, жазғыз және қаһһар болған Алла Тағаладан сені ағызу үшін дұға етемін, ағызуын сұраймын...»
Амр ибн Ас (р.а.) ол қағазды Ніл өзеніне тастайды. Ертеңіне су аға бастайды және бұдан кейін еш тоқтамайды.