#Талас: Игі жандар Тамды ауылының тұрғынына газ тартып берді

#Талас: Игі жандар Тамды ауылының тұрғынына газ тартып берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алаштың арысы Әлихан Бөкейханов өз сөзінде: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса - халықтық мақсат сонда орындалады», - деген. Осындай мақсатта Талас ауданы Тамды ауылдық "Таңкібай ата" мешітінің имамы Нурбол Турекуловтың ұйытқы болуымен игілікті көздеген жұртшылық бірігіп, қайырымдылық жасады. Ауылдағы бір мұқтаж отбасыға газ тартып берді.

"Қайырымдылық жасасаң, қайырын көресің," - деген сөз бар. Сондай-ақ, Нұғман ибн Башир (р.а) риуаятында Пайғамбарымыз (Оған Алланың сәлемі мен сауалаты болсын): "Мұсылмандар бір-біріне бауырмалдықта, мейірімділікте, қарым-қатынаста бір бүтін дене іспеттес" деген сөзін жеткізген.

Ауыл тұрғыны шын жүректен разылығын жеткізіп, қайырымды жандар үшін дұға жасады.

 Талас аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: