Қордай ауданы Ноғайбай аудандық "Дүйсенбі Халифи" мешітінде Бекзат Жұмабаев дәріс оқыды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған құжаттың бірі "Жеті рухани қазық" насихатталып, оның ішіндегі ауызбіршілік, ынтымақ тармағына тереңнен тоқталып өтті.
Алла Елшісі: «Ауызбіршілікте – Алланың мейірімі бар», – деген. Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейхан: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады», – деп бірлік туы астында тізе қосуға шақырған. Халқымызда: «Береке басы – бірлік», «Бірлікті ел бұзылмас» деген аталы сөз бар. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Тұғырнама осы мақсаттарға үндейді.
Маман тәлімдік тұғырнаманың татулыққа қатысты бөлімін кеңінен ашып, аят-хадистермен, қазақтағы нақыл сөздермен қуаттап жеткізді.
Жамағат уағыз соңында көкейкесті сауалдарына тұщымды жауаптар алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі