Қордай ауданы Степной ауылдық "Білім" мешітіне Нұр Мүбәрак Египет ислам университетінің ұстазы Оралхан Сейдманов арнайы келіп, уағыз жүргізді.
"Пайғамбарымыздың махаббаты" тақырыбын уағызына архау еткен білікті маман Алла елшісіне (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) махаббат, оның маңыздылығын тілге тиек етті.
"Күллі адамзат баласының ішінде Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбарымыздың есімі ерекше құрметке ие екендігі баршамызға белгілі. Өйткені, Пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың өзі, қала берді барша періштелер, тіпті өзінен алдын өткен пайғамбарлар да айрықша әспеттеп, биік дәрежеге көтерген. Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) – «көркем мінезді кемеліне жеткізу» үшін жер бетіне жіберілген ерекше болмыс иесі," - дей келе ұстаз аят-хадистерді мысалға келтіре келе, ғибратты оқығалармен жамағатты әсерге бөледі.
Уағыз тыңдауға жиналған қарасы қалың жамағат өз сауалдарын қойып мардымды жауаптарын алды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі