#Шу: РАНТ мүшесі Шу ауданында

#Шу: РАНТ мүшесі Шу ауданында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Белгілі уағызшы, Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Тараз қаласында орналасқан «Әзірет Әли» мешітінің бас имамы Ғазиз Ахмет Шу ауданына келді. Исламтанушының қатысуымен өткен бірінші шара «Ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру» атты семинар болды.

Шу ауданы «Төле би» мешітінде өткен семинарға қала мен ауыл мешітінің имамдары түгелдей қатысты.  Аталаған мешіттің бас имамы Талғат Кәрібайұлы қонақпен таныстырып, оған ауылдың діни ахуалын қысқаша баяндап, семинар тәртібін регламентін түсіндірді.

Өз кезегінде Ғазиз Ахмет шулық имамдарға діни сипаттағы жат ағымдарға қарсы мінез бен имуниттет қалыптастыру жолдары, күресу  шарттары мен тиісті қадамдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Қажетті мағлұматпен бөлісті. Семинар соңында имамдар өздерін мазалаған сұрақтарына қонақ тарапынан сауатты жауап алды.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: