Есті кісі ерегеспейді, Көпшіл адам бөлек ішпейді. Бұл сөздердің иесі ақын Кенен Әзірбаев. Тауып айтқан тура сөз. Сондықтан таласып ішкен ас тәтті. Ал, ас ішіп отырып насихат тыңдасаң нұрға нұр жамалғандай болады.
Жуырда Шу ауданы "Тоғай" мешітінде айлық дастархан жайылылып, арты дәріске ұласқан болатын. Жергілікті жамағатпен қоса Шу қаласы мен Төле би ауылдарынан келген кісілер дастархан басында бас қосып, мешіт имамы Мағжан Мұратұлының уағызын тыңдады.
Соңыра имам Ханафи мәзһабының Құран мен сүннеттен үкім шығару жолдары таныстырылып, Иғлаус Сунан кітабынан дәйектер келтірілді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі