Меркі ауданы «Меркі ата» орталық мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы ауданға қарасты Ойтал ауылдық «Намазхана» мешітінің ахуалымен танысып қайтты.
Бас имам «Намазхана» мешітінің имамымен кездесіп, осы жылғы жоспарымен танысып, бірқатар тапсырмалар берді. Ауданның бас имамы жергілікті имамға алдағы қызметіне табыс тілеп, сәулеті өзіне жарасқан бұл мешіт ғимараты халықты имандылыққа, әділдікке, адалдыққа тәрбиелейтін орын болғай деп бата берді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі