Шу ауданы № 40 мектеп - лицейінде "Қыз Жібек" қыздар клубының жұмыс жоспарына сәйкес "Неке және отбасы туралы түсінік" (оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру) тақырыбында, оқушыларға некеге отыру жасы туралы түсінік бере отырып, Қазақстан Республикасының Неке және отбасына арналған заңдарынан мәлімет беру мақсатында онлайн кездесу өткізілді.
Кездесуге Шу ауданы "Айтқұл баба" мешітінің имамы Бахтияр Нармұханов қатысып, оқушыларға имандылық жайында, ата- ананы қадірлеу,білімді болу, отбасындағы қарым- қатынастар, некенің қиылу шарттары жайында айтып, пікір алмасты.
Іс -шараға директордың тәрбие ісі - жөніндегі орынбасары Молжанова Майра Кенішбекқызы. Аға тәлімгер Бұхпанбаева Құралай мен 9 сыныптардың оқушылары қатысты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі