Шу ауданының мешіттері қайырымдылық жасаудан жалыққан емес. Жұртшылықты осы іске ынталандырып, қайырымды қоғам құруға ат салысып келеді.
Жуырда Шу ауданы "Бірлік" ауылындағы мешіт имамы Медет Жұматаев жалғызбасты анаға 20 мың теңге табыстап, сабырлық туралы насихат жасады.
Сондай-ақ Шу ауданы "Айтқұл баба" мешітінің имамы Бахтияр Нармұхановтың бастамасымен 3 отбасыға азық-түлік себеті берілді. Жұмсалған қаржы 17 мың теңгені құрады.
Алла жазса алдағы уақытта сауапты істер жалғаса береді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі