Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітне бесін намазына келген жамағатқа мешіт имамы Ансар Абилов мұсылман баласына бес парыздың бірі болған намаз турасында кеңінен уағыз айтты.
Жамағаттың сауалдарына жауап берді. Намаз – діннің тірегі, құлшылықтың ең абзалы. Исламның негізгі бес парызының бірі. Намаз – өзін мұсылман санайтын кісіні Жаратушысына мойынсұндырып, қанағат пен өзге де қайырлы қадамдарға бастайтын ғибраты мол ғибадат. Сондай-ақ, ол – жат әдеттер мен арсыздықтан тыятын, азғындықтан сақтайтын құлшылық һәм рухани азық. Қысқасы, намаз – жұмақтың кілті. Сондықтан намазды дұрыс орындау – мұсылмандар үшін ең маңызды міндет.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі