Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде шам намазына келген мешіт жамағатына ауыл имамы Айтжан Керимов ысырапшылдықтың зардаптары турасында кеңінен уағыз айтты.
"Алла Тағала адамды артық мал дәулетпен сынаққа алса, оның қадірін біліп, қажетті мөлшерде пайдаланып, оны берген Алланың жолында үлес бөлуді де естен шығармау шүкірлік нышаны. Ал, байлықтың буына мастанып, менменсу, өзгелерден озып тұру мақсатымен шектен шығу, әдептен тыс ішіп-жеу, киіну, мақтан мен атақ үшін асыра қаражат жұмсау – шүкірлікті, қанағат етуді қаперінен шығаратын жаман қасиет. Сондықтан да, әрдайым барға қанағат, жоқ сабыр ету мұсылман баласы үшін асыл қасиеттердің бірі. Әрдайым барға қанағат етіп, асылық сөз сөйлемейік!" - деп тілге тиек етті насихатында.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі