"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде студенттерге ашық сабақ өтті

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде студенттерге ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде "Араб тілін оқыту әдістемесі" жайлы оқу орнының барлық студенттерге арналған ашық сабақ өткізілді.

Дәрісте видео арқылы яғни онлайн форматта араб тілін қалай жеңіл, әрі терең меңгеру тәсілдері тілге тиек етілді. Ашық сабақты  медресе ұстазы Амангелді Ембергенов жүргізді. Сабаққа медресе директоры Сәкен Сейдикаримов пен Нұрсұлтан Зұлпыкаров қатысып, жиын соңында өз лебіздерін білдіріп, алғысын айтты.

Шәкірттер белсенді түрде сұрақтарға жауап беріп, тәжірибелік жұмыстарға араласты. Сонымен қатар "Бір тіл білсең, біреусің, көп тіл білсең бірнешесің" деген қағиданы ұстана отырып, тіл білудің, оны тез меңгерудің әдістерін үйренді.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: