Еліміздегі діни сауаттылықты арттыру мақсатында облыс әкімдігінің дін істері басқармасымен және облыстық ардагерлер қенесінің ұйымдастыруымен Таразда облыстық ардагерлер орталығында «Деструктивті діни идеяларды алдын алу жолдары және Қазақстандық патриотизмді жастардың санасына жеткізудің өзектілігі» тақырыбында жастарға арналған семинар өтті.
Шараға "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев арнайы барып, жастарға дәріс оқып қайтты. Маман деструктивті дін ағымдар туралы, олардың зияны мен дәстүрлң дін, патриоттылық жайлы тұщымды сөз сөйледі.
Семинар Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев кіріспе сөзімен ашылды. Сонымен қатар облысымызға танымал лекторлар дәріс оқып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында түрлі пікір алмасулар мен сұрақ-жауаптар болып, қызу талқыланды. Жастар аталған семинардан мол ақпараттар алғандарын айтып, семинарда дәріс оқыған лекторларға және ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz