Бір күні сахабалар хазіреті Әлдің (р.а.) мәртебесін білу үшін пайғамбардан (с.а.у.) былай сұрады:
– Ей, Расулаллаһ! Хазіреті Әлиге деген мұншалықты сүйіспеншілігіңіздің себебін айтасыз ба?
Пайғамбарымыз (с.а.у.):
–Олай болса, Әлиді шақырыңдар! – деді.
Біреуі хазіреті Әлиді (р.а.) шақыруға кетті. Қалғандарынан пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деп сұрайды:
–Бір адамға жақсылық жасасаңдар, ал ол адам сендерге жамандық жасаса не істейсіңдер?
–Жақсылықпен жауап береміз.
–Сендерге үшінші рет жамандық етсе не істейсіңдер?
Үшінші рет сұрағанында ешкім жауап бермеді. Үнсіз бастарын төмен қаратты. Хазіретті Әли (р.а.) келгенде пайғамбарымыз (с.а.у.) одан да дәл ол осы сұрақтарды сұрайды.
–Ей, Әли! Бір адамға жақсылық етсең, ол саған жамандық жасаса не істейсің?
–Жақсылық жасаймын.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жеті рет сұрағанда да осы жауапты алды.
–Бәрі бір жақсылық етемін. Ей, Расулаллаһ, әуре болмаңыз, қанша сұрасаңыз да берер жауабым осы.
Сахабалар бұл жауапты естігеннен кейін қайран қалып, пайғамбарымызға (с.а.у.) былай деді:
–Ей, Расулаллаһ! Хазіреті Әлиге (р.а.) неліктен мұнша сүйіспеншілік артуыңыздың себебін енді түсіндік.
Біз де оны қатты жақсы көреміз...