#Қордай: "Дін мен дәстүр сабақтастығы" түсіндірілді

#Қордай: "Дін мен дәстүр сабақтастығы" түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай аудандық Береке колледжінде "Дін мен дәстүр сабақтастығы" тақырыбы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мешіт, Дін істері басқармасының теологтары мен Аудандық әкімшілік бірлесіп ұйымдастырған шарада жастарға асыл дінімізге негізделген қазақы дәстүріміз насихатталды. 

"Қордай Құран қарилар орталығының" директоры Ғалымжан Сайлауұлы дін ұғымына жеке, дәстүр ұғымына жеке түсінік беріп өтті. Студенттердің көкейкесті сауалдарына жауап беріп, ислам дінінің, мұсылманшылықтың көркемдігіне, өмірі дінмен сабақтасқан адамның жаман істерден өзін аулақ ұстайтынына тоқталды.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: