Жамбыл ауданы орталық Спорт кешенінде аудандық Ауған ардагерлерінің арасында баскетбол ойынынан кіші турнир өтті. Спорттық кездесуде ардагерлер командасы мектеп ұстаздарына қарсы ойын көрсетті.
Айтулы шарада ардагерлер алдыңғы орыннан көрінді. Әрбір адам спортпен айналысу керек. Өйткені спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл - күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың түрлері өте көп: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу, т.б.
Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Сол үшін балаларды ерте жастан спортқа деген қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі