Білім - барша мұсылманға міндет. Ол иманның күшеюіне, тақуалыққа жетелейді. Алла Тағала сүйікті Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) түсірген алғашқы аятында «Оқы» деп білім алуға бұйырған. Сол секілді «Алла кімге жақсылық қаласа, дінді терең білуді нәсіп етеді» деген хадисте мұсылман арасында мәшһүр.
Осыны ескерген Шу ауданы «Төле би» мешітінің бас имамы Талғат Сейткереев аптаның 3 күнінде мешіт жамағатына дәріс беруде. Аптаның сейсенбісінде фиқһ ілімі, бейсенбі хадис ілімі, сенбі күні құран ілімі үйрету туралы кесте бекітілді. Сондай-ақ аудандық «Жәми» мешітінің найб имамы Мадияр Әбиқұл аудан орталығындағы мешітте аптаның дүйсенбісі мен жексенбісінде ақида бойынша сабақ беретін болады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі