Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінің имамы Абилов Ансар бесін намазына келген мешіт жамағатына иісі мұсылман баласына қасиетті болған Құранның құдіреті турасында уағыз айтты.
Құран – Алла Тағаланың адам баласына берген ұлы мұғжизасы. Адамзат Құранмен сәйкес өмір сүргенде ғана ақиқат ұғымының биігін бағындыра алады. Құранды көбірек оқу және әрдайым жаттап жүру арқылы пенде Раббысына сүйікті құл болу мәртебесіне қол жеткізеді. Мұсылман Құранды жиі оқығанда ғана тақуа бола алады. Құранды жеңіл жаттаудың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік қырлары мен сырлары бар. Дегенмен де, мұсылман баласы үшін қасиетті Құранды білу, жүрекпен ұғыну бақытқа жетелейтіні сөзсіз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі