#Меркі ауданы: Құлышылық дәрісі өтті

#Меркі ауданы: Құлышылық дәрісі өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы құптан намазына жиналған жамағатқа шариғаттағы құлшылық мәселесін, оның ішінде «Азан» тақырыбын ашықтап, түсіндіріп берді.

Өз сөзінде: «Азан – дінімізде үлкен маңызға ие сүннеттің бірі. Әрбәр мұсылман азан айта білуі керек. Пайғамбарымыз (с.а.с) сапарға шығып бара жатқан сахабаларға: «Дауысы жақсыларың азан шақырсын, өйткені ақыретте дауысы қай жерге дейін жеткен болса, сол аралықтағы тау-тасы куәлік етеді. Жасы үлкендерің намазға имамдық етсін», - деген», - деп, азанның маңыздылығын, шығу тарихын баяндап, сөзін аяқтады.

Уағыз соңында осы дінде тұрақты болуымызды Алладан тілеп, шынайы мұсылман үмметі болуымыз үшін дұға жасады. Жұртымыз аман, еліміз тыныш болсын деп тарқасты.

 «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: